Мәжіліс органикалық өнім өндіруді ынталандыратын заң жобасын мақұлдады

Фотография - Мәжіліс органикалық өнім өндіруді ынталандыратын заң жобасын мақұлдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары "Органикалық өнім өндіру туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы Елбасының бес институционалдық реформасы аясындағы "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталады

244 0

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары "Органикалық өнім өндіру туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы Елбасының бес институционалдық реформасы аясындағы "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталады.

Бұл ретте Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажеттігін айтып, экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруды тапсырған болатын. Осыған орай, заң жобасы елімізде органикалық өнім өндіруді дамыту үшін қолайлы жағдайды қалыптастыруға, табиғи ресурстарды сақтауға, тамақ өнімдерінің сапасын арттыруға бағытталады. Бұдан бөлек, қазақстандық сапалы, экологиялық таза азықтық өнімдердің экспортын ұлғайту шаралары көзделеді. 

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Қазақстанда органикалық егін шаруашылығы үшін 300 мың гектар жер пайдаланылады. Дегенмен, Қазақстанда органикалық өнімдер үлесіне елдегі барлық тұтынылатын өнімнің шамамен 0,1 пайызы келеді. Сонымен қатар Қазақстан сертификатталған органикалық жерлер бойынша өңірде бірінші орында тұр. 

Бұдан бөлек, Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспе заң жобасын да екінші оқылымда мақұлдады. 

Мәжіліс мақұлдаған заң жобалары Сенатқа жолданады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!