Әлия Ғалымова Мәжіліс депутаты болды

Фотография - Әлия Ғалымова Мәжіліс депутаты болды

Парламент Мәжілісінің депутаттарының қатары жаңа мүшемен толықты

233 0

Парламент Мәжілісінің депутаттарының қатары жаңа мүшемен толықты. 

"Нұр Отан" партиясының мүшесі Әлия Қайратқызы Ғалымова Орталық сайлау комиссиясының 5 қазандағы қаулысымен Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Әріптесімізді құттықтап, амандық-саулық, жұмысына жеміс тілейміз", - деді бүгін Мәжілістің жалпы отырысында спикері Қабиболла Жақыпов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін "Нұр Отан" партиясы атынан сайланған депутат Дариға Назарбаева Үкімет басшысының орынбасары қызметіне тағайындалып, оның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын. 

Ә.Ғалымова 1970 жылдың 18 шілдесінде Павлодар қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. 2003 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы. 2004 жылдың мамырынан - ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының бас сарапшысы; 2004 жылдың қыркүйегінен - әлеуметтік-саяси бөлім секторының меңгерушісі. 2005 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі секторының меңгерушісі; 2006 жылдан - әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2008 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2010 жылдан - Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2012 жылғы ақпаннан бастап бүгінге дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы лауазымында болды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!