"Астана ЭКСПО-2017" жаңа басшылығы нәтижелі жұмыс көрсетуде – ХКБ бас хатшысы

Фотография - "Астана ЭКСПО-2017" жаңа басшылығы нәтижелі жұмыс көрсетуде – ХКБ бас хатшысы

Оның айтуынша компания жұмысы соңғы екі айда жақсарған

163 0

Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес "Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ жаңа басшылығының жұмысын оң бағалады, деп хабарлайды Today.kz. оның айтуынша, жаңа басшылық келгелі соңғы екі айда компания жұмысы жақсарған.

"Әрине, біз басшылықтың ауысына байланысты қатты алаңдадық. Кейін ҚР президенті керекті шаралар атқарды, кешікпей жаңа басшылық тағайындалды. ҚР президентімен Миланда ЭКСПО-ға келгенде жолықтық. Кездесуіміздің барысында Қазақстан
Президенті мықты ұстамдылық барын және ұлттық компанияда жаңа жағдай болатынына кепілдік берді. Сосын жаңа басшылық тағайындалды", - деді Висенте Лоссерталес Орталық комуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның сөзінше, оның Астанаға келу себебі басшылық ауысқаннан кейінгі компанияның алға жылжуын бағалау.

"Жұмыс үлкен нәтижелілікпен жүруде, уақыт графигі де сақталуда. Басшылық ауысқан кезде біз абдырып қалдық. Бірақ біз ЭКСПО жұмыстары сол деңгейде ғана емес, одан гөрі жетілдірілген деп айта аламын. Кейінгі екі айда жағдай жақсартылған", - дейді ол.

Висенте Лоссерталес ЭКСПО-2017 қойған мақсат көрсеткіштеріне қол жететініне сенімді.

"ЭКСПО үлкен жетістік болады.  Бұл пікірді мен біздің ХКБ ұйымына мүше 168 елге жеткіземін.  Біз ЭКСПО-ға дайындықта үлкен серпінге қол жеткіздік, бізде қалып қоюдың орны мен уақыттан қалудың орнын толтырғандаймыз", - дейді халықаралық көрме бюросының бас хатшысы.

Мұның алдында Астанаға Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес іссапармен келгені баяндалған. Ол "Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ жаңа басшылығының төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу өткізген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!