Қажылықта бес қазақстандық қайтыс болған

Фотография - Қажылықта бес қазақстандық қайтыс болған

Бұл туралы ҚМДБ-да айтып берді

471 0

Қажылық кезінде бес қазақстандық қайтыс болған. Бұл туралы Алматыдағы баспасөз конференциясы кезінде ҚМДБ найб-мүфтиі Серікбай қажы Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.

"Сауд Арабиясында қажылық жасау кезінде біздің бес азамат қайтыс болды. Олар егде жастағы адамдар, барлығының жасы 80-нен асқан. Негізінен қайтыс болуының себебі – ол жүрек талмасы, қан қысымының өзгеруі, ауа-райы, ыстық", - дейді Серікбай қажы.

Оның айтуынша, қайтыс болғандардың туыстары қазірде Сауд Арабиясына аттанып кеткен. Кейбірі туыстарын Мекке мен Мединаның қасиетті жерінде жерлеуді ұйғарды.

Сонымен бірге, Сауд Арабиясының ережелері бойынша мәйіттерді елден шығару уақытты қажет етеді, өйткені сәйкес құжаттарды толтыру керек.

Естеріңізге салсақ, 24 қыркүйекте Мекке маңындағы ауруханада 78 жасар Қазақстан азаматы қайтыс болған.

Оның алдында Мекке маңындағы адам кептелісінен 700 тәуіп етуші қаза болған, тағы 900 адам зардап шеккен. ҚР СІМ хабарлауынша қаза болғандар мен жаралылар арасында қазақстандықтар жоқ.

ҚМДБ мәліметтері бойынша 4 200 қазақстандық қажылыққа барған. Қазақстаннан барған миссиямен бірге теолог ғалымдар, мамандырылған дәрігерлер мен журналисттер болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!