Алдағы күндері Қазақстанның екі облысында +25-33º ыстық болады

Фотография - Алдағы күндері Қазақстанның екі облысында +25-33º ыстық болады

8-10 қазан күндері аралығында Оралда циклон қалыптасты, ол осы аумақта алдағы үш тәулікте сақталады

150 0

8-10 қазан күндері аралығында Оралда циклон қалыптасты, ол осы аумақта алдағы үш тәулікте сақталады. Онымен байланысты суық атмосфералық фронттар алдымен Қазақстанның батыс облыстарына, содан кейін солтүстік және орталық облыстарына ауысатын болады, ол өзімен бірге суық пен жаңбыр әкеледі, батыста түнде жыбысқы қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Тағы бір циклон Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасады, ол республиканың оңтүстік облыстары арқылы шығысқа ауысатын болады.

Циклонның алдыңғы бөлігінен осы аумаққа Иран аудандарынан жылы ауа келеді, ол оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндізгі температураның +25-33º дейін, шығыста +20-28º дейін көтерілуіне әкеп соғады. Жұма және сенбі күндері оңтүстікте¸ сенбі күні күндіз Қазақстанның шығысында осы циклонның әсерінен өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

ҚазАқпарат


Тегтер:

ауа-райы ыстық

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!