Нұржан Әлтаев Қанат Бозымбаевқа отандық костюм кигізуге уәде берді

Фотография - Нұржан Әлтаев Қанат Бозымбаевқа отандық костюм кигізуге уәде берді

349 0

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев "Ертіс Инвест-2015" халықаралық инвестициялық форумы аясындағы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевқа Қазақстанда жасалған костюм кигізуге уәде берді.

"Шыны керек, мен форумға Қазақстанда жасалған костюм киіп келдім. Бұл киім Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында тігілген. Соңғы жылдары елімізде индустрияландыру бағдарламасы аясында жеңіл өнеркәсіп қарқынды дамып, халықты отандық киім-кешекпен қамтамасыз етуде. Елімізде басшылық қызметтегі азаматтардың барлығы қазақстандық киім-кешек киіп жүр. Осылайша, отандық киім брендтері нарықты жаулауда. Қажет десеңіз, Қанат Алдабергенұлына осындай костюм тігіп бере аламыз", - деді Н.Әлтаев.

Облыс әкімі Қ. Бозымбаев өз кезегінде отандық киім кимегенін жасырмады.

"Шыны керек, киім брендтеріне мән бере бермеймін. Өзіме жарасатын киімді сатып алып, киіп жүре беремін", - дейді Қ.Бозымбаев.

Еске сала кетейік, бүгін Павлодар облысында «Ертic Инвест – 2015» халықаралық инвестициялық форумы өтіп жатыр.

Павлодар облысының мүмкіндіктерін жария етіп, инвесторларды серіктестікке шақыруды көздейтін форумның пленарлық отырысына экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшысы Пьер Ив Люка модераторлық етпек. Айта кетерлігі, алқалы жиынның жұмысына Франция, Германия, Италия, Сербия, Сауд Арабиясы, Украина елдері, сондай-ақ Ресей өңірлерінен өкілдер шақырылған. Шара аясында 40-қа жуық инвестициялық жоба ұсынылды.

 

 

BNews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!