"Б" корпусына іріктеудің жаңа жүйесі енгізіледі

Фотография - "Б" корпусына іріктеудің жаңа жүйесі енгізіледі

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "мемлекеттік қызмет туралы" заң жобасын мақұлдады.

264 0

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "мемлекеттік қызмет туралы" заң жобасын мақұлдады.

Оған сәйкес, "Б" корпусына алғаш рет немесе қайтадан кіріп отырған азаматтар бірнеше іріктеу сатыларынан өтетін болады. Бірінші кезекте, үміткерлер заңдарды білу мен құзыреттілік бойынша тестілеуден өтсе, артынша мемлекеттік қызметкерлер құндылығын ұстану бойынша комиссиялық бағалаулар болады. Сонымен қатар сұхбаттасу арқылы үміткердің кәсіби біліктілігі айқындалады. Бұдан бөлек, депутаттар жаңа редакциядағы «Еңбек кодексінің» жобасын мақұлдады. Ол кәсіпкерлікті, еңбек нарығын дамытуды, шетелдік инвесторлар тартуды белсендіре түспек. Сондай-ақ «Қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасына Мәжілістің бірқатар депутаттары бастамашылық жасаған.

 

baq.kz


Тегтер:

"Б" корпусы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!