Мәжіліс Елбасы тапсырмасының алғашқы кезеңін табысты орындады – Қ. Жақыпов

Фотография - Мәжіліс Елбасы тапсырмасының алғашқы кезеңін табысты орындады – Қ. Жақыпов

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов Елбасының Ұлт Жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету туралы тапсырмасының алғашқы кезеңін қорытындылады

329 0

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов Елбасының Ұлт Жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету туралы тапсырмасының алғашқы кезеңін қорытындылады.

Спикердің баса атап өткеніндей, Мәжіліс алты аптаның ішінде 55 заң жобасын қарап, мақұлдады. Палатаның 20 жылдық тарихында болмаған бұл теңдессіз еңбек депутаттар мен аппарат қызметкерелерінің жоғары жауапкершілігі мен жұмыла жұмыс істеуінің нәтижесі. 
Қ. Жақыпов жедел заң жобалары бойынша негізгі салмақ бас комитттер мен жұмыс топтарының үлесінде болғанын алға тарта келіп, маңызды құжаттарға қатысты 534 жұмыс топтарының, 22 бас комитеттердің кеңейтілген отырыстары, күн сайын 30-ға жуық басқосу өткенін, сенбі-жексенбі күндері де қарқынды жұмыс атқарылғанын атап өтті. Осы ретте Спикер: 
-Мәжіліс қабырғасында барлық заң жобасына мазмұнын сапалы түрде жақсарту мақсатындағы түзетулер енгізілді. Тек заңдық, құқықтық коллизияны жоюға қатысты түзетулер емес, мәселенің нақты шешімін көздеген нормалар мен түбегейлі өзгерістер көзделіп, депутаттар барлығы 11 мыңнан астам түзету енгізді,-деді. 
Осы жолда Мәжіліс Төрағасы барлық фракциялар депутаттары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының сайлаушылардың, халықтың алдындағы міндеттеріне аса адалдықпен, жоғары жауапкершілікпен, зор түсіністікпен қарағанын сөз етті. Мәжіліс Төрағасының айтуынша жедел заң жобаларын қабылдау жолындағы жұмыс әсіресе, халық қалаулылары мен Үкімет мүшелернің бірлесе еңбек етуінің үлгісін көрсетті.
-депутаттардың 1700-ден астам түзетулері Үкіметке жолданып, оның 60 пайызы, яғни мыңнан астамы қолдау тапты. Үкімет мүмкіндігінше қысқа уақытта өз қорытындыларын берді. Бұрын кейбір заң жобасы бойынша бір қорытындыны айға жуық күтуге тура келетінін ескерсек, мұның өзі Үкімет жұмысын жетілдіруге қажетті резервтің бар екенін көрсетеді,-деді Қ. Жақыпов. 
Мәжіліс Төрағасының атап өткеніндей, аталған заң жобалары аясындағы жұмыстар барынша ашық жүргізілді. 
Құжаттардың қаралу барысы баспа беттерінде, интернет басылымдарда, әлеуметтік желілерде, телевиденияда кеңінен көрсетілді. Көптеген мақалалар мен депутаттар сұхбаттары жарық көрді,-дей келіп, Мәжіліс Спикері: 
-біз Елбасының Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз етуге байланысты тапсырмасының алғашқы кезеңін орындадық. Алдағы уақытта да бес президенттік реформаларды табысты жүзеге асыру жолында бар күш-жігерімізді жұмылдырамыз,-деді. 
Қ. Жақыпов Президенттің Ұлт Жоспарына арналған заң жобаларын 2016-жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізу туралы тапсырмасын орындау барысында бірлесе жедел, тиімді әрі сапалы жұмыс атқарғаны үшін Премьер-министр Кәрім Мәсімов бастаған Үкімет мүшелеріне, депутаттарға, Мәжіліс Аппаратының қызметкерлеріне алғысын білдірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!