Қазақстанда уран қоры 100 жылға жетеді

Фотография - Қазақстанда уран қоры 100 жылға жетеді

Қазақстанда уран қоры 80-100 жылға жетеді. Бұл туралы бүгін Астанада "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның ядролық-отын циклі жөніндегі басқарушы директоры Сергей Полторацкий мәлім етті.

245 0

Қазақстанда уран қоры 80-100 жылға жетеді. Бұл туралы бүгін Астанада "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның ядролық-отын циклі жөніндегі басқарушы директоры Сергей Полторацкий мәлім етті.

"Қазатомөнеркәсіп» әлемдік нарыққа табиғи уранды негізгі жеткізуші болып табылады. Әлемдік нарыққа Қазақстаннан шамамен 35-40 пайыз табиғи уран шығарылады. Қазіргі өндіру көлемі аясында уран қоры алдағы 80-100 жылға жетеді. Бұл қосымша геологиялық барлау жұмыстарын есепке алмағанда", - деді С.Полторацкий "Самұрық-Қазына" АҚ-ның трансформациясы: проблемалар мен оларды іске асыру жолдары» атты "Эксперт" клубының отырысында.

Сонымен қатар ол Қазақстан өндірілген уранды нарыққа шығару тәртібі бекітілген келісімдер аясында тек бейбіт мақсаттарда ғана пайдаланылатынын қадап айтты.

"Қазақстан халықаралық құжаттарды қатаң орындап отыр. Біз тек бейбіт атом бағытында ғана жұмыс істейміз", - деді ол.

 

 

ҚазАқпарат


Тегтер:

уран қоры

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!