Назарбаев Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға қатысты (фото)

Фотография - Назарбаев Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға қатысты (фото)

Мемлекет басшысы Таразға іс сапармен келді

218 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументі ашты, деп хабарлайды Today.kz. тілшісі.

Елбасы өз сөзінде қазақстандықтарды құттықтап, Қазақстан халқының бірлігін ерекше атап өтті.

"Біз Қазақ хандығын атап өтіп жатырмыз, осы арқылы қазақ халқының өзге халықтардай тарихы тереңде екенін дәлелдеп отырмыз. Бұл мерекені еліміздің барлық азаматтары – бір халық, туысқан болып кеткен өзге ұл өкілдері біріге тойлауда. Бүгінде Мәңгілік Ел мен Ұлы дала ұғымы біздің дамуымыз бен еліміздің тұрақтылығының синониміне айналды", - деді Президент.

Сонымен қоса, елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға ат салысқан барлық аймақтарға алғысын білдірді.

30 метрлік монумент "Тараз-Арена" Спорт сарайының қарсысында орналасқан. Монументтің айналасы 3,5 гектар жерді құрайтын көгал. Монументтік кешенде қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек бейнеленген.

Айта кетейік, осы күндері Тараз қаласында тарихи мереке кең көлемде тойланып жатыр. Алдын ала болжам бойынша шараға келушілер саны бес мың адамды құрайды деп болжануда. Сонымен бірге әлемнің 17 елінен делегациялар шақырылды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!