Мемлекет басшысы "Көне Тараз" музейінде болды

Фотография - Мемлекет басшысы "Көне Тараз" музейінде болды

Қазақстан Президенті музей экспозицияларын аралап көрді, сондай-ақ шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен, Жамбыл облысы тұрғындарымен, қонақтарымен кездесу өткізді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

191 0

Қазақстан Президенті музей экспозицияларын аралап көрді, сондай-ақ шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен, Жамбыл облысы тұрғындарымен, қонақтарымен кездесу өткізді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Археологиялық саябаққа барып, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен танысты.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты "І-ХІХ ғасырлардағы ежелгі Тараз" ескерткішінің аумағын "Көне Тараз" тарихи-мәдени археологиялық саябағына айналдыру болып саналады.
Сараптама нәтижесінің қорытындысы бойынша биыл қалашық аумағындағы нысандар құрылысының аумақтық шекаралары нақтыланып, қазба жұмыстары кезінде табылған тұрғынжайлардың орны анықталды. Табылған экспонаттар мен жәдігерліктер қатарында теңгелер, қыш бұйымдар, қыш құбырлар арқылы жүргізілген ежелгі сумен қамтамасыз ету жүйесі және орта ғасырдағы басқа да заттар бар. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!