Алматы әкімдігінде Орталық мұражай орнына ойын-сауық орталығы болады деген ақпаратты жоққа шығарды

Фотография - Алматы әкімдігінде Орталық мұражай орнына ойын-сауық орталығы болады деген ақпаратты жоққа шығарды

Шенеуніктер бұндай шешімнің себебін айтты

615 0

Алматы әкімдігінде ҚР Орталық мұражайының орнында сауда ойын-сауық орталығы пайда болады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Today.kz

"Орталық мұражайды сауда ойын-сауық орталығына айналдыру мүлдем шындыққа жанаспайды. Мұражайдың ғылыми қызметі жалғасады. ҚР Орталық мұражайы Алматы қаласының коммуналдық жеке меншікке өтсе де өз қызметін сол ғимаратта жалғастырады", - дейді Мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасары Ерболат Әуезов.

Мәдениет басқармасынан ҚР Орталық мұражайын коммуналдық жеке меншікке өткізудің негізі барын айтты.

Ерболат Әуезовтың айтуынша, Ұлттық мұражай біреу ғана болу керек және ол Астанада. Сондықтан қазіргі Орталық мұражайда Қазақстан мен Алматы тарихының экспозициясын жасау идеясы туындады.

Орталық мұражай мен оның экспонаттары өзгермейтіні белгілі болды.

Айта кетейік, мұның алдында белгілі блогер Ғалым Байтұқ өзінің Facebook-тегі парақшасында Қазақстанның атақты Орталық мұражайын ойын-сауық кешенін салуға берілуі мүмкін деп жазған. Еске салайық, Алматы әкімдігі мен мәдениет және спорт министрлігінің ҚР Орталық мұражайы бойынша ойлары сәйкеспеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!