Қазақстан президенті Ресейге қатысты санкцияларды алып тастауға шақырды

Фотография - Қазақстан президенті Ресейге қатысты санкцияларды алып тастауға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев француздық Le Figaro газетіне сұхбат берді

211 0

Le Figaro газетіне берген сұхбатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге қатысты Еуропалық одақтың салған санкцияларын алып тастауға шақырды, деп жазады Газета.Ru.

"Ресейге қатысты Еуропаның санкциялық режимін сақтаудың қажеті жоқ. Бұл санкциялар саяси тұрғыда нәтижесіз болды. Ресейдің өткеніне қараңыз – бұл күшті мемлекет. Санкциялар арқылы оны саяси бағытынан бас тартқыза алмайсыз!", - деді ол.

Назарбаевтың пікірінше, санкциялар бірінші кезекте  "украиналық досьеге" қатысы жоқ, кіші және орта өнеркәсіп қызметкерлеріне ауыртпалық түсіруде. Сондай-ақ, оның айтуынша, бұл француз фермерлеріне де ыңғайсыздық тудыруда.

Қазақстан президенті саясат пен экономиканы бөліп қарауға, сондай-ақ, қысымның үдеуі мен снкцияның күшеюіне барынша кедергі болуға шақырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!