Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенкомен кездесті

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенкомен кездесті

Порошенко Қазақстан президентіне Украинадағы бейбітшілікті сақтап тұруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

450 0

Астанада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанда ресми сапармен келген Украина президенті Петр Порошенконың кездесуі өтті, деп хабарлайды Today.kz Ақорданың Твиттер акаунтына сілтеме жасай отырып.

Екі ел басшылары сауда-экономикалық қызметтестікті қоса екі жақты қарым қатынастың ең өзекті мәселелерін талқыладйы деп күтілуде.

Сондай-ақ, келіссөз кезінде көмір өндірісі, транспортты-логистикалық сала, агроөндірістік және өзге салалар бойынша әрекеттестіктің басты бағыттары қарастырылады деп болжануда.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко күн тәртібінің халықаралық аспектілерін, соның ішінде Минск келісімін жүзеге асыру бойынша пікір алмасады деп күтілуде.

Украина президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Украинадағы бейбітшілікті сақтап тұруға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Мұның алдында, Украина президентімен ҚР премьері Кәрім Мәсімов кездескен болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!