П.Порошенко Елбасын Украинаға сапармен келуге шақырды

Фотография - П.Порошенко Елбасын Украинаға сапармен келуге шақырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келесі жылы Украинаға мемлекеттік сапармен барады

121 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келесі жылы Украинаға мемлекеттік сапармен барады. Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемеде елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Украина Президенті Петр Порошенко айтты.

«Мен құрметті Нұрсұлтан Әбішұлын келесі жылы мемлекеттік сапармен Украинаға келуге шақырғанымды атап өткім келеді. Менің шақыруым қабыл алынғанына шынайы ризашылығымды білдіремін. Осы сәтті пайдалана отырып, қонақжай қазақ жерінде жылы қабылдағаны үшін Президент мырзаға алғысымды білдіргім келеді. Маған қазіргі уақытта Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар жоспары жайында есту қызықты болды», - деді П.Порошенко.

Оның атап өтуінше, Қазақстан мен Украинаның даму жоспарлары, сонымен қатар мемлекеттік қызметті сот жүйесін реформалау, инвестициялық ахуалды жақсарту жоспарлары да ұқсас болып келеді.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!