Қ.Тоқаев британ парламентшілерін Қазақстанға шақырды

Фотография - Қ.Тоқаев британ парламентшілерін Қазақстанға шақырды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының депутаты, сыртқы істер министрінің парламенттік орынбасары Тобайас Элвудты қабылдады

201 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының депутаты, сыртқы істер министрінің парламенттік орынбасары Тобайас Элвудты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

 Сенат Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы қарашада Біріккен Корольдікке сапары екі елдің стратегиялық әріптестігін сауда-экономикалық, инвестициялық және саяси саладағы өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне шығаруға бағытталатынын атап өтті. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронның 2013 жылы Қазақстанға сапары ауқымды үнқатысуды қалыптастыруда зор рөл атқарды.

Астана Қазақстан мен Британияның парламентаралық ынтымақтастығының жандануына үміт артады. Осыған байланысты Сенат Төрағасы британ парламентшілеріне Қазақстанға танысу сапарымен келуге шақыруын жеткізді. Қ.Тоқаев сонымен қатар британдық дипломат әрі парламентшіге Н.Назарбаевтың экономикалық стратегиясының басымдықтары, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету, сондай-ақ Елбасының БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясындағы сөйлеген сөзі тұрғысындағы мемлекеттің сыртқы саясаты туралы таныстырды.

Парламенттің жоғарғы Палатасының басшысы Қазақстан ядролық қарудан және террористік қауіптерден азат әлем құруды табандылықпен ілгерілететінін атап өтті. Британдық министрдің орынбасары Қазақстан Президентінің Лондонға ресми сапарына әзірлік барысы туралы айтты. Т.Элвуд Ұлыбританияның Орталық Азиядағы сыртқы саяси стратегиясындағы Қазақстанмен ынтымақтастықтың басымдылығын атап өтті. 

 

 

BNews.kz

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!