ДЭФ рейтингіндегі 15 көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемнің жетекші 30 елінің құрамында тұр

Фотография - ДЭФ рейтингіндегі 15 көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемнің жетекші 30 елінің құрамында тұр

Ағымдағы жылы Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 42-і орынға көтерілді.

424 0

Ағымдағы жылы Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 42-і орынға көтерілді. Ал он бес көрсеткіш бойынша еліміз әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіріп отыр. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Ұлттық талдаулар орталығы" АҚ басқарма төрайымы  Ақтоты Айтжанова осылай мәлім етті.

"Қазақстан биылғы жылы әлемдік рейтингте 42-і орынға көтерілді. Бұл еліміздің Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісіне қатысып жүрген 2005 жылдан бергі ең үздік нәтиже. Жалпы жағдайдың жақсаруы барлық бағыттар бойынша байқалады: институционалдық сектор, адами капитал, сонымен бірге, бұл бизнесті реттеу мәселесіне де қатысты", - деп атап өтті Орталық басшысы.

Оның айтуынша, Қазақстан әлемдік рейтингтегі 22 көрсеткіш бойынша еліміздің жалпы рейтингісіндегі орыннан жоғары тұрса, 15 көрсеткіш бойынша еліміз қазірдің өзінде әлемнің «топ-30» елдерінің арасына еніп отыр.

Тұтастай алғанда, әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде ең озық көрсеткішке Швейцария ие, одан соң Сингапур мемлекеті тұрса, үздік үштікті АҚШ қорытындылайды. Одан кейінгі орындарда Германия, Нидерланды және Жапония жайғасқан. Еуразиялық өңірде Қазақстан - 42-орында, Ресей - 45-ші, Грузия - 66-шы, ал Украина - 79-орында. Бұл ретте сарапшылар, макроэкономикалық жағдай бойынша да Қазақстанның қуатты екенін, еліміздегі еңбек нарығының аса қарқынды екенін атап өтеді. 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!