Назарбаев Украинамен ықпалдастық деңгейіне разы емес

Фотография - Назарбаев Украинамен ықпалдастық деңгейіне разы емес

Оның айтуынша, бұған Укарина мен Ресей конфликті үлкен кедергі

186 0

Қазақстан презиленті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР мен Украина ынтымақтастық әлеуеті толықтай іске аспаған деп есептейді. Бұған Укарина мен Ресей конфликті үлкен кедергі, деп жазады Today.kz.

"Бүгінде экономикалық дағдарыс жағдайында бізге екі жақты пайдалы экономикалық байланыстарды күшейту керек. Қазақстанда украиндық капиталдың қатысымен 400 кәсіпорын жұмыс істеуде. Біз сіздердің ары қарайғы іскерлік пен екі жақты инвестицияға деген ынталарыңызды жоғары бағалаймыз. Бүгінгі шарада бірнеше меморандумға қол қойылды. Алайда, ынтымақтастығымыздың әлеуеті толық іске аспауда", - деді Назарбаев Астанадағы Қазақстан мен Украина бизнес-форумында.

ҚР президентінің айтуынша, екі ел арасындағы тауар алмасу кейінгі кезде екі есеге төмендеген.

Оның сөзінше, екі ел ықпалдастық пен әскери-техникалық сала мәселелерінде үнемі жақын болған. Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Украинаның транзиттік әлеуетін, атом энергетикасы мен ғарыш саласында ықпалдастықты пайдалану керектігін атап өтті.

Кездесу қорытындысында Қазақстан президенті екі елді тарихи достастық пен сыйластық байланыстырып тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ, Елбасы саясат пен экономикадағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланған кездесудің өнімділігіне ризалығын білдірді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!