Назарбаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Фотография - Назарбаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

294 0

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен. 

Жеделхатта қайғылы оқиғаның салдарынан бейбіт шеруге қатысқан көптеген жазықсыз азаматтар қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды Елбасы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан бауырлас түрік халқына, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!