Салидат Қайырбекова денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі орнынан босатылды

Фотография - Салидат Қайырбекова денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі орнынан босатылды

Ол қызметінен жаңа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды

281 0

Салидат Қайырбекова ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі орнынан босады, деп хабарлайды Today.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"ҚР үкіметінің қаулысымен 2015 жылдың 9 қазанында Қайырбекова Салидат Зикеновна басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, Салидат Қайырбековна 2010 жылы ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған. 2014 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қайта құрылуына байланысты Президент жарлығымен қызметінен босатылып, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі болып тағайындалған. Мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін "Құрмет" орденімен марапатталған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!