Ғалым Мақсұт Нәрікбаев көз жұмды

Фотография - Ғалым Мақсұт Нәрікбаев көз жұмды

Бүгін, 12 қазан күні заң ғылымдарының докторы, профессор, "ҚазГЗУ" АҚ президенті Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаевтың өмірден озғаны белгілі болды

885 0

Бүгін, 12 қазан күні заң ғылымдарының докторы, профессор, "ҚазГЗУ" АҚ президенті Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаевтың өмірден озғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты жоғары оқу орнынан растады. 

Мақсұт Нәрікбаев 1940 жылдың 30-наурызында Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Еркін аулында дүниеге келді.

1958-59 жж. Украин КСР Днепродзержинск қаласының № 8 техникалық училищесінде оқыды.

1968 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, 1974 жылы аталған университетті заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1992-93 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі және құқық қорғау органдары бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде еңбек етті.

1995 ж. қазан айында мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Бас прокуроры, ал 1996 ж. маусым айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімімен Жоғарғы сотының төрағасы болып тағайындалады.

2001 ж. "Құқықтық Қазақстан үшін" атты қоғамдық бірлестік құрды. 2004 ж. сәуір айында "Қазақстан демократиялық партиясының" құрылтайында оның төрағасы болып сайланды.

2002 ж. желтоқсан айында Мақсұт Сұлтанұлы азаматтық қоғамды одан әрі демократиялау және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі тұрақты мәжілістің мүшесі болып тағайындалды.

2003 ж. сәуірдің 12-індегі Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот құрамындағы өзгерістер туралы" Жарлығымен Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

2004 ж. желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Демократия мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.

2008 ж. ақпанның 14-інде Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы міндетінен босатылды.

Отан алдындағы еңбектері үшін "Парасат" орденімен, 5 медальмен марапатталды.

 

BNews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!