Елбасы Қытай Халық Республикасының қорғаныс министрі Чан Ваньцюанді қабылдады

Фотография - Елбасы Қытай Халық Республикасының қорғаныс министрі Чан Ваньцюанді қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай бүгінде ынтымақтастықтың жаңа кезеңінде тұрғанын атап өтті.

153 0

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай бүгінде ынтымақтастықтың жаңа кезеңінде тұрғанын атап өтті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.
Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР қорғаныс министрін Бейжіңде Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадтың табысты өтуімен құттықтады. Қазақстан Президенті Қытайдың халық-азаттық армиясы осы шара барысында бүкіл әлемге өзінің қуаты мен техникалық жарақтану деңгейін көрсеткенін айтты. Осы орайда екі елдің қорғаныс министрліктері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ҚХР-дың Орталық Азиядағы ядролық қарудан ада аймақ туралы шартқа қатысты кепілдігін Қазақстан жоғары бағалайтынына назар аударды.
Чан Ваньцюань өткізілген кездесу үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді.
ҚХР қорғаныс министрі сондай-ақ Қазақстан Президентінің елдің жаңа келбетін қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтті.
– Біз Сізді ұлы саясаткер және стратег санаймыз. Сіз Қазақстанның  қалыптасуы мен дамуына зор үлес қостыңыз, халық арасындағы беделіңіз зор, – деді Чан Ваньцюань.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!