ҚР ИДМ автокөліктердің бірнеше мың долларға арзандайтын мәлімдеді

Фотография - ҚР ИДМ автокөліктердің бірнеше мың долларға арзандайтын мәлімдеді

Егер Кеден одағына кіргенге дейінгі уақытпен салыстыратын болсақ, онда бізде кедендік ставка нөл болатын. Сондықтан да елімізге 2011 жылға дейін 10 пайыз жаңа, 90 пайыз ескі көліктер әкелінді.

287 0

Соңғы жылдары елімізге әкелінген көліктердің 90 пайызы жаңа автомобильдер. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.
"Егер Кеден одағына кіргенге дейінгі уақытпен салыстыратын болсақ, онда бізде кедендік ставка нөл болатын. Сондықтан да елімізге 2011 жылға дейін  10 пайыз жаңа, 90 пайыз ескі көліктер әкелінді", - деді ол.

Вице-министрдің атап өтуінше, соңғы жылдары бұл жайт түбегейлі өзгеріске ұшырап отыр. Мәселен, соңғы уақытта елімізге кіргізілген көліктердің 90 пайызы жаңа, ал 10 пайызы ескі көліктер болған.

"Жыл басындағы Ресей рубліне қатысты жайттан кейін бұл елден Қазақстанға кіргізілген көліктердің жартысынан көбін тағы да пайдаланылған мерзімі 10 жылдан асып кеткен ескі автомобильдерді құрады.Сондықтан да біз Кеден одағы ішіндегі әріптестермен уағдаластыққа келдік. Біздерге жаңа машиналар әкеліне берсін, ал бірқа ескі көлікке жол жоқ", - деді А.Рау.

Ал, ескі көліктерді тіркеу үшін алым 500 айлық есептік көрсеткішті құрайтын болады.

"Бүгінгі күні Қазақстанда көліктерді бастапқы тіркеу алымы 0,25 есептік көрсеткішті болатын, бұл шамамен 500 теңгені құрайтын. Енді жаңа заң енгізілгеннен кейін жаңа автомобильдерді тіркеу алымы сол көлемде, 0,25 есептік көрсеткіште қала береді. Ал, егер автокөлік 1 жылдан 3 жылға дейінгі уақыт жүрілген болса, онда бір реттік алым 50 есептік көрсеткішті құрайтын болады. Көліктің жүрілген мерзімі 3 жылдан асса онда 500 есептік көрсеткішті құрамақ. Айта кетейін, автобус немесе жүк көлігі әкелетін жағдайда тіркеу алымы мұнан да жоғары болады деп күтілуде. Бұл өзгертулер заң қабылданғаннан кейін жүзеге аспақ. Бүгінде жаңа заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, Сенат қарауына жіберілді" деді вице-министр.

"Мұндай өзгерістер қазір күні бірқатар елде жүзеге асады. Олар, Венгрия, Дания, Болгария мен тағы бірнеше мемлекет. Осы мемлекеттердің барлығында бір реттік алым көліктің шығарылған жылына қарай алынады. Айта кетейін, заңға енгізілетін өзгерістер ұсталған көліктерді Қазақстанға әкелуді азайтуға мүмкіндік береді" деді Альберт Рау. 

Машина жасау саласы мемлекеттің тікелей қолдауының арқасында қарқынды дамып келеді. 
"Қазіргі кезде Қазақстанда 7 автомобиль құрастыру зауыты жұмыс істейді. Олардың ішінде "Азия авто", "Сарыарқа автопром", "Хюндай", "Семаз", "Камаз инжиниринг", "Агромашxолдинг" сынды кәсіпорындар қарқынды дамып келеді. Аталған зауыттарда 2014 жылы 40 мыңнан астам автомобиль шығарылды. Бұл кәсіпорындарда көліктердің әртүрлі маркасы құрастырылады. Мәселен, жеңіл автомобильдердің 42, жүк таситын автомобильдердің 21, арнайы автомобильдердің 18, тартқыштардың 3 және автобустардың 3 моделі шығарылады", - дейді Т.Нұрашев.
Сонымен қатар, комитет төрағасы машина құрастыру саласында тағы 2 үлкен жобаны қолға алу көзделіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, аталған жобалар жүзеге асырылғаннан кейін елімізде жылына 200 мың автомобиль шығарылады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!