Қазақстанда 4 млн. астам жеңіл көлік бар

Фотография - Қазақстанда 4 млн. астам жеңіл көлік бар

Бүгінгі күні Қазақстанда 4 млн. жеңіл көлік болса, олардың тең жартысының орташа пайдаланылған мерзімі 19 жылды құрайды.

186 0

Бүгінгі күні Қазақстанда 4 млн. жеңіл көлік болса, олардың тең жартысының орташа пайдаланылған мерзімі 19 жылды құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.

"Бүгінде елімізде 4 миллионнан астам жеңіл көлік бар. Олардың тең жартысының орташа пайдаланған мерзімі 19 жылды құрап отыр. Ал, 5 жылдан кейін 20 жылдан артық пайдаланылған көліктер үлесі 70 пайыздан асатын болады. Елімізде машиналардың орташа жасы 19-20 жылды құраса, бұл көрсеткіш Германияда - 8 жыл. Сондықтан ескі көліктердің көп болуы жолдағы қауіпсіздік шаралардан бөлек қоршаған ортаға, адамзатқа тигізер зияны өте көп. Көліктердің зиянын азайту үшін қазіргі таңда нақты шаралар енгізілуде. Өзгертулерді жүзеге асыру үшін ескі көліктерге тіркеу алымын арттыру керекпіз" деді вице-министр.

Оның айтуынша, Кедендік одаққа кірер алдында Қырғызстанда ұсталған көліктер көбейген.

"Егер Кеден одағына кіргенге дейінгі уақытпен салыстыратын болсақ, онда бізде кедендік ставка нөл болатын. Сондықтан,а елімізге 2011 жылға дейін 10 пайыз жаңа, 90 пайыз ескі көліктер әкелінді. Ал, соңғы жылдары бұл жайт түбегейлі өзгеріске ұшырап отыр. Мәселен, соңғы уақытта елімізге кіргізілген көліктердің 90 пайызы жаңа, ал 10 пайызы ескі көліктер болған", - деді ол.

Айта кетейік, алдағы уақытта 1 жылдан 3 жылға дейінгі уақыт жүрілген көліктерді тіркеу алымы 50 есептік көрсеткішті, ал жүрілген мерзімі 3 жылдан асқан автомобильдердің алымы 500 есептік көрсеткішті құрайтын болады. Мұндай өзгерісті көздейтін заң жобасы Мәжіліс мақұлдауынан өтіп, бүгінде Сенат қарауында жатыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!