Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады

Алматы әкімі жасалған жұмыс туралы баяндады

343 0

Қазақстан Президенті Нүрсұлтан Назарбаев Алматы әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды Today.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында Байбек қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыстар туралы баяндады. Атап айтқанда, негізгі азық-түлік түрлеріне бағаның өсуін болдырмау, нәтижелі оқу үдерісін ұйымдастыруға жағдай жасау, жылу маусымына дайындық.

Сондай-ақ, ол ортақ соммасы 10 миллион долларға тең меморандумға қол қойылғанын, оған байланысты алматылық кәсіпорындар өз өнімін "ЭКСПО-2017" көрмесінің нысандарын салу үшін жөнелтіп отырады. Мұндай шара алдағы Универсияда нысандарына қатысты да қолданылатыны аталып өтілді.

Сонымен бірге, жемқорлыққа қарсы "Нұр Отан" партиясының бағдарламасы аясында қала мектептері мен ауруханаларының қаржылық есептерін жариялап отыру тәжірибесін енгізу қарастырылған.

Кездесу қорытындысы бойынша елбасы нақты тапсырмалар берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!