Астанада Мақсұт Нәрікбаевпен қоштасты

Фотография - Астанада Мақсұт Нәрікбаевпен қоштасты

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу ҚазГЗУ ғимаратында өтті

270 0

Астанада Қазақ гуманитарлық-заң университетінде Мақсұт Нәрікбаевты соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Today.kz.

Шара басталмай тұрып ҚазГЗУ ғимаратында университет президенті, мемлекет қайраткерімен қоштасуға келгендердің үлкен кезегі жиналып қалды.

Мақсүт Нәрікбаевпен қоштасуға мансапты шенеуніктерден Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков, ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәріпжанов, сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, бас прокурор Асхат Дауылбаев, жоғары сот төрағасы Қайрат Мәми келді.

Марқұмның әріптесі әрі досы Болат Ысқақов "Қазақстан даму банкі" АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішевпен бірге келді.

Мақсұт Нәрікпаевты шығарып салуға бірнеше жүз адам жиналды. Әр келген адам белгілі мемлекет қайраткерін еске алып, туыстарына көңіл айта алды.

Содан кейін, университет алдындағы Фемида алаңында қаралы митинг болды. Алғашқылардың бірі болып бас прокурор Асхат Дауылбаев сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Мақсұт Нәрікбаев ұзақ кәсіби жол өткенін: стажерден Қазақстаннның жоғары сотының төрағасына дейін жетіп, өзін алысты болжай алатын, ұқыпты әрі сындарлы адам екенін көрсете білгенін айтты.

"Ол заң адамдарға қызмет ету үшін, халыққа жұмыс істеу үшін бәрін жасады. Өзінің бар білімі мен күшін Мақсұт Сұлтанұлы осыған сарп етті", - деді ол.

Қаралы жиын аяқталған соң Мақсұт Нәрікбаевтің денесін алып кетті. Марқұмды Астанананың жаңа пантеонында жерлейді.

ЖОО әкімшілігінің атап өткеніндей, ҚазГЗУ студенттеріне дәрістер болмады.

Естеріңізге салсақ, Мақсұт Нәрікбаев 12 қазан күні 75 жасында дүниеден өзды. Ол заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР жоғарғы сот кеңесінің мүшесі болған. Сонымен бірге Мақсұт Нәрікбаев "Парасат" және екінші дәрежелі "Барыс" орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!