Қазақстанда жасалған көлік сатылымы қыркүйекте екі есеге артқан

Фотография - Қазақстанда жасалған көлік сатылымы қыркүйекте екі есеге артқан

Қазақстанда жаңа автокөлік сатылымы қыркүйекте 25%-ға немесе 8316 данаға артқан.

210 0

Қазақстанда жаңа автокөлік сатылымы қыркүйекте 25%-ға немесе 8316 данаға артқан. Осылайша, үш тоқсанның қорытындысы бойынша 77010 жаңа автокөлік сатылды, бұл өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 37%-ға төмен. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығы мәлім етті.

 "Қыркүйек айында ресми диллерлер Қазақстанда жасалған 1569 автокөлік сатқан, бұл тамыз айындағы көрсеткіштен 46%-ға артық. Автомобиль нарығындағы әдеттегі маусымдық көрсеткіштерге тән, жазғы тыныштықтан кейін қыркүйекте сатылым саны арта түсті. Автокөлік сатылымының қызуына дем берген салондағы оңтайлы акциялар, атап айтқанда көлікті доллардың бұрынғы бағамымен ұсыну", - деп көрсетілген ҚАБҚ хабарламасында.

Қыркүйекте ең жақсы өткен өзімізде жасалған көліктер – Skoda Rapid (201 ед), Lada 4x4 (105 ед) и Peugeot 301 (100 ед). Жыл басынан бері Қазақстанда құрастырылған 13382 дана автокөлік өз иесін тапты.

Хабарламаға сәйкес, ақшаға шаққанда, жыл басынан бері жаңа автокөлік сатылымы нарығына түскен түсім 1639 млн долларға тең, өткен жылы бұл көрсеткіш 2738,7 млн доллар шамасында еді.

 

BNews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!