Қазақстанда салынып жатқан үйлердің жарнамасына тиым салынбақ

Фотография - Қазақстанда салынып жатқан үйлердің жарнамасына тиым салынбақ

Депутаттар заң жобасының сапасына көңілі толмады

389 0

Мәжілісте "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу" заңнамасы ұсынылды. Оған сай салынып жатқан үйлердің жарнамасын беруге тиым салынады, деп хабарлайды Today.kz. Аталған заң жобасы  мәжілістің Экономикалық реформалар мен аймақтық даму комитетінде дау тудырды.

Заң жобасын ұсыну кезінде ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов ұсынылған түзетулер атқарушы органдардың тұтынушылар құқығын қорғау саласын бағыттау бойынша құзырын күшейтуге, олардың ықыласын қорғауға және әлеуметтік-жауапты кәсіпкерлік ортаны дамытуға септеседі деп түсіндірді.

Алайда, Комитет төрағасы Сейсұлтан Аиымбетов заңнаманың сапасына бірнеше ескерту жасады.

"Бізде үкіметтің 43 түзетуі бар. Заңнаманың өзі 20 беттен тұрады. Бүгін төрт депутат 24 түзету, басқа депутат – 15 түзету айтты. Заңнама бөлімі 84 түзету. Бұл түзетулердің барлығы заңдық техника, нақтылау, түзетулерді жақсарту бойынша... Бұл қалай? 123 – заңдық техника мен түзетуді нақтылау. Ал сізде тек 43. Әрбір позиция бойынша депутаттар үш түзету айтқан. Бұл заң жобасының қандай сапасы? Сіздер қалай жұмыс істейсіздер?", - деді ол.

Бұған ұлттық экономика вице-министрі заң жобасы жұмыс барысында түзетілетінін айтты.

Заң жобасындағы жарнамаға тиым салу пункті де көптеген сұрақтар тудырды.

Тимур Жақсылықовтың айтуы бойынша, заң жобасы осы саладағы құқықтық қатынасты реттеумен байланысты жұмысқа қоғамды кеңінен тартуға бағытталған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!