Салидат Қайырбекова Ұлттық медициналық холдингке басшы болып келді

Фотография - Салидат Қайырбекова Ұлттық медициналық холдингке басшы болып келді

Бұған дейін Салидат Қайырбекова ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметінде болған

533 0

Салидат Қайырбекова "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды Тoday.kz "Назарбаев Университетінің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2015 жылдың 13 қазанында Салидат Қайырбекова "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды", деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Бұған дейін хабарланғандай, 12 қазан күні Салидат Қайырбекова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылған болатын. Осыған дейін "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Басқарма төрағасы қызметін Нұржан Отарбаев атқарып келген еді.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!