Н.Назарбаев: Қазақстан аз жылда гүлденген, қуатты ғарыштық мемлекетке айналады

Фотография - Н.Назарбаев: Қазақстан аз жылда гүлденген, қуатты ғарыштық мемлекетке айналады

сурет kapital.kz сайтынан

Бүгін Ақордада Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетовті марапаттау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді

714 0

Қазақстан аз ғана жылда гүлденген, қуатты ғарыштық мемлекетке айналды. Бүгін Ақордада Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетовті марапаттау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

"Айдынды "Халық қаһарманы" атағымен, ал барша қазақстандықтарды жаңа батырымен құттықтаймын. Мен "Қазақстан жолы" кітабымда еліміздің Тәуелсіздік тарихы Қазақстанның ғарышкерлік тарихынан басталды деп айтқан болатынмын. Біз  1991 жылы тамызда Байқоңыр ғарыш айлағын Қазақстанның меншігіне алдық. Қазан айында алғашқы қазақ ғарышқа аттанды. Не бәрі 2  айдан соң желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Халық бұл оқиғаны тәуелсіздігіміздің ғарыш кеңістігіндей шексіз, мәңгілік болуы деп бағалады. Расында да еліміз  аз ғана жылда гүлденген, қуатты ғарыштық мемлекетке айналды", - деді Елбасы.

ҚР Президентінің айтуынша, жер бетінде 3 немесе одан да көп  перзенті ғарышқа көтерілген 9 ғана мемлекет бар екенін баса айтты.

"Соның бірі біз болдық. Біздің батыр ғарышкерлеріміздің ізбасарлары әлі талай көк жүзіне аттанатын болады. Біздің Мәңгілік еліміз ғарыштың шексіз мәңгілік кеңістігіндегі ең жарық жұлдызы. Ол жыл өткен сайын жарқырап, жайнай береді деп сенеміз", - деді Н.Назарбаев.



ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!