А.Есімов Италия және Испания елшілерімен кездесулер өткізді

Фотография - А.Есімов Италия және Испания елшілерімен кездесулер өткізді

Кездесу барысында Ахметжан Есімов Қазақстанның Миландағы ЭКСПО-2015 ұйымдастырушыларымен тығыз ынтымақтастығын сөз етті

335 0

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Италия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Стефано Раваньянмен кездесті. 

Кездесу барысында Ахметжан Есімов Қазақстанның Миландағы ЭКСПО-2015 ұйымдастырушыларымен тығыз ынтымақтастығын сөз етті және италиялық көрменің соңғы онжылдықтағы ең сәтті өткен көрме ретіндегі тәжірибесінің маңызын баса атап өтті.

«Мен ЭКСПО-Милан басшысы Джузеппе Саламен кездескен кезде біз екі көрменің ынтымақтастығы туралы айттық. Біз өзімізге миландық ЭКСПО тәжірибесінен көптеген қажетті сәттерді алдық. Қазір біз жақын арада Италияның ЭКСПО-2017-ге қатысатынын және комиссар тағайындағанын растайтынын күтудеміз», - деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰК " АҚ Басқарма Төрағасы.

Бұған қоса, Ахметжан Есімов Испанияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және уәкілетті Елшісі Хосе Педро Санс Серраномен де кездесу өткізді.

Кездесуде Испанияның ЭКСПО-2017-ге қатысу мәселелері талқыланды. Ахметжан Есімов қатысушылар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатынын атап өтті.

Өз кезегінде Елші Испанияның Көрмеге қатысуы керек екенін, және растау туралы кешігіп жатуы алда тұрған Парламент сайлауымен байланысты болуы мүмкін екенін мәлімдеді, аталған сайлаудан кейін жаңа үкімет тағайындалатын болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!