Қазақстанда алдағы бес жылда 7000 шақырым жол ақылы болады

Фотография - Қазақстанда алдағы бес жылда 7000 шақырым жол ақылы болады

Елімізде 2020 жылға дейін республикалық маңызы бар жеті мың шақырым автомобиль жолдарына ақылы жүйе енгізіледі

327 0

Елімізде 2020 жылға дейін республикалық маңызы бар 7 мың шақырым автомобиль жолдарына ақылы жүйе енгізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ төрағасының орынбасары Ұлан Әліпов айтты. 

– 2020 жылға дейін республикалық маңызы бар 7000 шақырым автомобиль жолдарына ақылы жүйе енгізіледі. Тек қайта қалпына келтірілген және күрделі жөндеуден өткен жол бөлімшелері ғана ақылы болады. 2016 жылы Астана-Атбасар және Қызылорда-Шымкент автокөлік жолдарына барлық көлік түрлеріне ақылы жүйе енгізіледі. Ал жеңіл автокөліктерге 3,6 және 12 айға абономенттік төлем қарастырылады, – дейді Ұлан Әліпов.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының төрағасының орынбасары жол жиегіндегі қызмет көрсету сервистеріне де тоқталып өтті.

– Ұлттық оператор республикалық автокөлік жолдарын басқару бойынша Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы автожол жиектеріндегі сервистерді дамыту бағдарламасының 2020 жылға дейінгі жобасын жасап, қазірде барлық мүдделі мемлекеттік мекемелердің келісімі күтілуде. Бағдарламаға сай 200 сервистік нысан салынып, 2000 жаңа жұмыс орны ашылады, – дейді ол.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!