Қазақстанда жел күшейіп, тұман түседі, жаңбыр жауады

Фотография - Қазақстанда жел күшейіп, тұман түседі, жаңбыр жауады

Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі

536 0

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталдық ағындардың өтуімен кей жерлерде жауын-шашын (көбіне жаңбыр) жауады, жел күшейеді, тұман түседі, республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ғана күн райы ашық болады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі.

Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Синоптиктердің ескертуінше, 15-16 қазан күндері Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде жауын-шашын түседі, түнде 15 қазанда таулы аудандарда жауын-шашын күшейе түседі, жаңбырдың соңғы жылбысқы қарға айналады. Ауаның температурасы түнде 2-7 градус жылылыққа дейін төмендейді, кей жерлерде 3 градусқа дейін суытады, күндіз 8-13, кей жерлерде 16 градусқа дейін жылы.

Сонымен бірге таяудағы тәуліктерде Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы кейбір өзендерде  Батыс Алтайдың өзендерінде (Бұқтырма, Тұрғысын, Обь, Үлбі және басқалары) жауын-шашынға байланысты су деңгейі көтеріледі, Қазақстанның су нысандарында бірте-бірте су беті салқындай түседі. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!