Асқар Мырзахметов Айдын Айымбетовті "Халық Қаһарманы" атағын алуымен құттықтады

Фотография - Асқар Мырзахметов Айдын Айымбетовті "Халық Қаһарманы" атағын алуымен құттықтады

Айдын Айымбетов Қазақстаннан шыққан үшінші ғарышкер

199 0

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Айдын Айымбетовті "Халық Қаһарманы" атағын алуымен құттықтады.

Еске сала кетейік, Елбасы Жарлығымен Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылып, "Халық қаһарманы" және "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағы берілген еді.

Осыған орай "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов ғарышкерге құттықтау жолдады, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

"Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегіңіз бен батырлығыңыз үшін "Халық қаһарманы" және "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағын алуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз осынау ерлігіңізбен Қазақ Елінің атағын әлемге әйгілеп қана қоймай, еліміздің ғарыш саласының дамуына үлкен үлес қостыңыз.

Тәуелсіздікке қол жеткен күннен бері Елбасы саясатымен қарыштап дамып отырған еліміз ғарыш кеңістігін игеруде де биіктен көрініп, ірі жобаларды жүзеге асыруда. Сол жетістіктердің жүйелі жалғасы іспетті Сіздің сапарыңыз өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, мақсаткерлікке тәрбиелеуге үлкен ықпал ететіні сөзсіз.

Халқыңыздың ыстық ықыласына бөлеген осынау толағай табыстарыңыз келер күндердегі жеңістеріңізге бастау болсын дей келе, Сізге зор денсаулық, жаңа белестердің жетістігін, отбасыңызға бақ-береке тілеймін!" - делінген партия төрағасы бірінші орынбасарының құттықтауында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!