Жергілікті полиция қызметіне қатысты заң жобасы мақұлданды - Сенат

Фотография - Жергілікті полиция қызметіне қатысты заң жобасы мақұлданды - Сенат

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, жергілікті полиция құру Ішкі істер органын оңтайландыру жолымен жүзеге асады.

1600 0

Парламент Сенаты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының Ұлт жоспары - бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 30 және 31-қадамдарын орындау мақсатында әзірленген. Елбасы жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру керектігі туралы тапсырма жүктегені белгілі.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, жергілікті полиция құру Ішкі істер органын оңтайландыру жолымен жүзеге асады, оның құрылымына учаскелік инспекторлар, жол полициясы қызметкерлері, өңірлік және табиғатты қорғау, сонымен бірге әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері біріктіріледі. Тұжырымдамаға сәйкес, жергілікті полиция қызметі ішкі істер органының бірыңғай жүйесіне құрылымды түрде енетін болады.

"Құжаттағы негізгі жаңалықтардың бірі жергілікті полиция қызметінің басшыларын тағайындау, бұл ретте полиция басшыларына кандидатты Ішкі істер министрі облыс әкіміне ұсынып, оған мәслихат депутаттары келісімін беретін болады. Заң жобасымен жергілікті полиция қызметі басшысының жергілікті қауымдастыққа есептілігі де қамтылып отыр. Бұл ретте жергілікті полиция қызметінің басшысы әкімдіктер мен мәслихат алдында және жылына бір рет халық алдында есеп беретін болады. Бұндай есептілік полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін болады. Бұдан бөлек, заң жобасымен жергілікті полиция қызметіне шағымдарды қарау бойынша Қоғамдық кеңестердің өкілеттігін кеңейту шаралары да көзделеді", - деді Қ. Қасымов.

Тұтастай алғанда жергілікті полиция қызметінің жергілікті атқарушы органға есептілігі және Қоғамдық кеңестердің қызметі полиция қызметінің жұмысының ашықтығын қамтып, азаматтардың сенімділік деңгейін арттыруға ықпал ететін болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!