ЕАЭО елдерінің шенеуніктері Одаққа мүше елдердің мүддесіне жұмыс істеуі тиіс

Фотография - ЕАЭО елдерінің шенеуніктері Одаққа мүше  елдердің мүддесіне жұмыс істеуі тиіс

Ресей біз үшін стратегиялық серіктес әрі одақтас болып табылады

247 0

ЕАЭО елдерінің шенеуніктері Одаққа мүше барлық елдердің мүддесіне жұмыс істеуі тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген РФ Президенті Владимир Путинмен кеңейтілген құрамдағы кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Ресей біз үшін стратегиялық серіктес әрі одақтас болып табылады. Біз бірлесе Еуразиялық экономикалық одақта өзара іс-қимыл жасаудамыз, екіжақты контексте біздің елдер экономикалық, ғылыми, гуманитарлық салаларда жобаларды табысты жүзеге асыруда. Сондықтан да біз бүгінгі кездесуге айрықша маңыз беріп отырмыз. Кездесу елдердің ынтымақтастығы үшін тың серпін береді деген сенімдемін", - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы ағымдағы өзара сауда тауар айналымының төмендеуі түсінікті жағдайларға байланысты екенін және бұл әлемдік дамудың кезеңділігі мен энергия тасымалдаушыларға, экспорттық өнімдерге бағаның төмендеуіне қатысты болғандықтан уақытша құбылыс екенін атап өтті.

Сонымен қатар Президент ЕАЭО ұйымға барлық мүшелердің тең құқықтық жағдайында жұмыс істейтінін, мүше елдердің шенеуніктері ЕАЭО құрамындағы барлық елдердің мүддесіне және жалпы экономикалық ұстанымдарға жұмыс істеуі керектігін жеткізді.

"Ертең Бурабайда ТМД мемлекет басшылары кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысы жоспарланған. Онда біз өңірлік өзара іс-қимыл мәселелерін талқылаймыз. Қазіргі кезде бізде екіжақты қатынастарға мән беріп, осы тақырыпты талқылаудың жақсы мүмкіндігі туындап отыр", - деді Н. Назарбаев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!