Қазақстан мен Ресей Каспийдегі мұнайды бірлесіп игереді

Фотография - Қазақстан мен Ресей Каспийдегі мұнайды бірлесіп игереді

Қос ел президенттері Астанада екіжақты кездесулер өткізіп жатыр

348 0

Қазақстан мен Ресей Каспий мұнайын бірлесіп игереді. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында РФ Президенті Владимир Путин мәлім етті.

"Біздерде Каспийден бірлесіп мұнай өндіруге қатысты зор жоспарлар бар. біз Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы 1998 жылғы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы құжатқа қол қойдық. Бұл екі елдің компанияларына Орталық құрылымдағы ірі көмірсутек кен орнын игеруге кірісуге мүмкіндік береді", - деді РФ Президенті.

В.Путин өз сөзінде екі елдің арасындағы энергия жүйесі де 200 жылдан бері синхронды режімде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің ортақ электр энергиясы нарығын құру бағдарламасы әзірленіп жатқанын еске салды.

"Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда. Қазақстандағы бірінші атом электр стансасын салуға дайындалудамыз", - деді ол



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!