Алматы қаласы әкімінің бірден үш орынбасары қызметтен кетті

Фотография - Алматы қаласы әкімінің бірден үш орынбасары қызметтен кетті

Алматы қаласы әкімінің үш орынбасары: Юрий Ильин, Зәуреш Аманжолова және Мұрат Құдышев орындарын босатты

384 0

Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары: Юрий Ильин, Зәуреш Аманжолова және Мұрат Құдышев қызметтерінен кетті. 

Юрий Ильин әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту, төтенше жағдайларды ескерту, қаланың азаматтық қорғанысы, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, метрополитен желілерін пайдалану, жол қаупсіздігі, құқық бұзушылық мәселелері бойынша жетекшілік еткен.

Зәуреш Аманжолова болса ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру мен спорт, жастар саясаты, ұлттық мәдени орталықтар сынды салаларға жауапты болған.

Мұрат Құдышев болса экономиканы дамытумен, бюджеттік саясатпен, қаржы құралдарымен, коммуналды меншікпен, мемлекеттік сатып алулармен және туризммен айналысты.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!