Әділбек Жақсыбеков Мэрлер Саммитіне қатысты

Фотография - Әділбек Жақсыбеков Мэрлер Саммитіне қатысты

Әділбек Жақсыбеков ЭКСПО-2015 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің астанасы Миланда Мэрлер Саммитіне қатысты

803 0

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков ЭКСПО-2015 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің астанасы Милан қаласына жасаған ресми сапары аясында Мэрлер Саммитіне қатысты деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қалалық азық-түлік саясатының Миландық Конвенциясына қол қою Мэрлер Саммитінің басты тақырыбына айналды. Аталмыш Конвенцияны ЭКСПО-2015 көрмесінің ең маңызды мұрасы деп атайды. Әлемнің жүзден аса қаласы бекіткен халықаралық протокол азық-түлік қауіпсіздігі мен азық-түлік жүйелерін дамытуға негізделген. Урбанизацияның қарқынды процесі салдарынан аталмыш пакт дұрыс тамақтану мен тұрақты тағам мөлшерін, қала және қала маңында азық-түлік өндіруді және азық-түлік саласындағы қызметті үстемелеуді көтермелеуге бағытталған.

Бекітілген Конвенция Бүкіләлемдік азық-түлік күнінің салтанатты рәсімінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунге таныстырылады, аталған шараға Ә. Жақсыбеков те қатысады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!