"Қазатомпром" транформация бағдарламасын іске қосты

Фотография - "Қазатомпром" транформация бағдарламасын іске қосты

"Қазатомөнеркәсіптің" жаңа стратегиясында 2025 жылға қарай компанияның құнын 3 есеге ұлғайту сияқты дамудың шешуші мақсаттары белгіленген.

221 0

"Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ трансформациялау бағдарламасының арқасында әлемдік нарықта уран өндірісі бойынша ғана емес, сонымен қатар уран жеткізу бойынша да көшбасшы позицияларға көшуі тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада ұлттық атом компаниясының басшысы Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Бұдан бұрын xабарлағанымыздай, "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы бүгін трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Нақты айтқанда, онда "Қазатомөнеркәсіптің" жаңа стратегиясында 2025 жылға қарай компанияның құнын 3 есеге ұлғайту сияқты дамудың шешуші мақсаттары белгіленіп отыр.

А. Жұмағалиевтің айтуынша, өндірісті әртараптандыру әлемнің атом электр стансалары үшін дайын өнім сату арқылы компанияның қосымша табыс табуына мүмкіндіктер ашады.

Трансформация аясында маркетинг қызметін нығайтуға да жете мән берілмек. Аталмыш блокты күшейтумен қатар xалықаралық ірі уран өндіруші компаниялар тәрізді "Қазатомөнеркәсіп" өнімдерін саудалайтын трейдинг компаниясын құру да жоспарланған.

"Сондай-ақ өзгерістер жоспарында барлық күшті негізгі қызметке жұмылдыру мақсатында компанияның ұйымдық құрылымын өзгерту және бейінді емес активтерді шығару да қарастырылған. 2019 жылға қарай негізгі қызметке қатысы жоқ қызметтер көрсететін 27 бейінді емес кәсіпорын, атап айтқанда, түрлі xимиялық өндіріс орындары мен сервистік компаниялар "Қазатомөнеркәсіп" құрамынан шығарылады", - дейді компания басшысы.

А. Жұмағалиев компанияда қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы күшейтіліп, пайдалы қызмет көрсеткішінің орындалуына қарай еңбекке ақы төлеудің сараланған жүйесі енгізілетінін, қызметкерлердің жеке өсуі мен көшбасшылық сапасын дамыту үшін барлық жағдай жасалатынын атап көрсетті. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!