Көп жылдан бері ҚР-да парламент сайлауы тыныш өтті

Фотография - Көп жылдан бері ҚР-да парламент сайлауы тыныш өтті

Қазақстан президенті Қырғызстан басшысын парламенттік сайлаудың сәтті өтуіме құттықтады

480 0

Бурабайдағы ТМД елдері Мемлекет басшыларының кеңесінің отырысы кезінде Қазақстан президенті Белорусиядағы президенттік сайлауда жеңіске жетуімен Александр Лукашенконы және Алмазбек Атамбаевты парламенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады, деп жазады Today.kz.

ҚР президенті Александр Лукашенконың жетекшілігімен барлық бағыттар бойынша интеграциялық процестер нығая түсетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, ҚР президенті ТМД елдері Мемлекет басшыларының кеңесі – бұрынғы кеңестік 11 мемлекеттің басын қосатын бірегей шара екенін атап өтті.

"Бұл жерде біз сенімділік білдіре отырып, халықаралық саясаттың ең өзекті мәселелері бойынша пікір алмаса аламыз, біздің көп жақты ынтымақтастығымыздың кез келген мәселесінталқылай аламыз.

Нұрсұлтан Назарбаев отырыс күні тәртібінде 17 мәселе қаралатынын айтты.

"Қауіпсіздік пен заңдылық мәселесіне көптеп тоқталамыз. Халықаралық құжаттарға қол қою, бағдарлама мен құжаттарды бекіту, сонымен бірге, БҰҰ-ның құрылуына 70 жыл толуына орай халықаралық тероризммен күрес бойынша ТМД елдері басшыларының өтініштерін қабылдау қажет", - деді Қазақстан президенті.

Естеріңізге салсақ,  бүгін қыркүйектің 16 күні Бурабайда ТМД елдері Мемлекет басшыларының отырысы басталды. Отырыс барысында Достастық аясында ынтымақтастықтың болашағы бар салалары талқыланады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!