Жұмағалиев Қазатомөнеркәсіптің ұйымдық құрылымын өзгерту туралы айтып берді

Фотография - Жұмағалиев Қазатомөнеркәсіптің ұйымдық құрылымын өзгерту туралы айтып берді

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ жақында ұйымдық құрылымын өзгерту жоспарланған

200 0

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ жоспарында жақын арада ұйымдық құрылымын өзгерту және бәсекелі ортаға компанияның бейінді емес активтерін өткізу көзделген. Бұл туралы ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

"Кәсіпорындардың географиялық орналасуын оңтайландыру және өндіріс барысын қатаң қадағалау тұрғысында Алматы қаласындағы басшыларды Шымкент пен Қызылордаға көшірудеміз. Бұл шараның қаржылай тиімділігі де бар – біз кеңселерімізді кен орындарымыздың қасында орналастыру арқылы шамамен 300 млн теңгені үнемдей аламыз", - деп түсіндірді А.Жұмағалиев.

Оның айтуынша, бүгінде 5 кәсіпорын түрленсе, тағы 4-уі көшу соңына таяп қалды. Жыл соңына дейін тағы бір еншілес компанияны көшіру жоспарланған.

А.Жұмағалиев хабарлағандай, компанияның жоспарларында жақын арада ұйымдық құрылымын өзгерту және бәсекелі ортаға компанияның бейінді емес активтерін өткізу көзделген. 2019 жылға дейін Қазатомөнеркәсіп құрамынан 27 бейінді емес кәсіпорынды шығару жоспарланған.
Сонымен қатар, А.Жұмағалиев толықтырып кеткендей, бейінді емес кәсіпорындарды компания құрамынан шығару өндірумен айналысатын кәсіпорындарға қатысты емес.


BNews.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!