Лукашенко Қазақстан Президентін "Халықтар достығы" орденімен марапаттады

Фотография - Лукашенко Қазақстан Президентін "Халықтар достығы" орденімен марапаттады

Беларусь Президенті Александр Лукашенко ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты "Халықтар достығы" орденімен марапаттады

455 0

Бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде өтіп жатқан  Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында Беларусь Президенті Александр Лукашенко ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты  "Халықтар достығы" орденімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Дәл осы залда, дәл осы құрамда мен онымен бірнеше ғана адам марапататталған жоғары мемлекеттік награданы табыс еткім келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы "Халықтар достығы" орденімен баяғыда марапатталған. Сондықтан бүгін біздің кеңестің дәл осы құрамында, әріптестеріміз - президенттердің көз алдында осы награданы табыс еткім келеді. Беларусь халқы атынан осынау миссияны орындауға рұқсат етіңіздер", - деді А.Лукашенко.

Беларусь Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың ТМД-ның қалыптасуы жолында зор еңбек сіңіргенін, Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын ұсынғанын атап өтті. "Сондықтан да маған осынау маңызды миссияны атқаруға, оны құттықтап, награданы табыс етуге рұқсат етіңіздер", - деді ол.
Айта кетейік, жоғары деңгейдегі отырысқа Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов, Молдова  Сыртқы істер және еуропалық интеграция министрінің орынбасары Андрей Галбур, Түркіменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Сатлық Сатлыков, Украинаның Қазақстандағы істерінің уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник, ТМД Атқару комитетінің төрағасы - атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысуда. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!