ЕАЭО Израильмен еркін сауда аймағын құру келіссөздерін бастайды

Фотография - ЕАЭО Израильмен еркін сауда аймағын құру келіссөздерін бастайды

Бурабайда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы басталды

432 0

Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы  басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алқалы жиынға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Президенті Владимир Путин қатысуда.

ЖЕЭК-ке мүше мемлекеттер басшыларының келіссөздері барысында одақты дамытудың барынша өзекті проблемалары мен перспективалары талқыланбақ. Кездесу қорытындысында тараптар ЕАЭО мен ЕЭК-тің үшінші елдермен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайтын бірқатар құжаттарға қол қоймақ.

Сонымен қатар отырыс барысында Израиль мемлекетімен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздерді бастау туралы шешім қабылданады деп күтілуде. Бұл ұсынысты бірлескен зерттеу тобының баяндамасының қорытындысы бойынша қабылдау жоспарланған.

Одаққа мүше мемлекет басшылары қызметтер секторы тізбесін бекітпек. Мұнан бөлек, тараптар Еуразиялық экономикалық одақ органдарындағы сыртқы аудит туралы ережені қабылдайтын болады.


 



Тегтер:

ЕАЭО Израиль

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!