Қазақстан халқының саны 17 млн 584 мың адамды құрады

Фотография - Қазақстан халқының саны 17 млн 584 мың адамды құрады

Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,98 (15,41) адамды құрады.

430 0

 2015 жылдың 1 қыркүйегінде еліміздегі халық саны 17584,0 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10000,6 мың (56,9%), ауылдықтар – 7583,4 мың адамды (43,1%) құрады, деп хабарлайды ҰЭМ Статистика комитеті.

2015 жылғы қаңтар-тамызда халық саны жалпы ел бойынша 166,4 мың адамға немесе 1,0% өсті, 2014 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 253,5 мың адамға немесе 1,46% өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015ж. қаңтар-тамызда туылғандар саны 264,9 (266,2) мың адамды құрады, бұл 2014ж. қаңтар-тамызға қарағанда 0,5% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,69 (23,13) туылғандарды құрады.

2015ж. қаңтар-тамызда республика халқының табиғи өсімі 2014ж. қаңтар-тамызбен салыстырғанда 2,5 мың адамға немесе 1,4% азайып, 174,9 (177,3) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,98 (15,41) адамды құрады.

2015ж. қаңтар-тамызда республикада 1 жасқа дейінгі қайтыс болған нәресте саны 2 566 (2 703) адамды құрап, 2014ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1% азайды.

Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015 жылғы қаңтар-тамызда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2014 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 0,2% артып, 10 852 адамды құрады.

Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 5,0% көбейіп, 17 519 адамды құрады, көші-қонның айырымы -8 492 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 86,5% және 90,6% құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде 2014ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 22,0% көбейіп, 310158 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 44,4% тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (28 063 адам), Астана (369 адам) қалаларында және Ақмола (1 834 адам), Қостанай (791 адам), Маңғыстау (641 адам), Атырау (269 адам) облыстарында қалыптасты.

Baq.kz 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!