Келер жылы Еуразиялық экономикалық кеңеске Армения төрағалық етеді

Фотография - Келер жылы Еуразиялық экономикалық кеңеске Армения төрағалық етеді

Сондай-ақ 2016 жылы төрағалық ету міндетін Армения Республикасы атқаратын болды.

579 0

Бурабайда өтіп жатқан Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің қорытындысы бойынша 15 құжатқа қол қойылды. Сондай-ақ 2016 жылы төрағалық ету міндетін Армения Республикасы атқаратын болды, - деп хабарлайды Baq.kz.

– Бүгін өте қарбаласқа толы күн болды. ТМД басшыларының және Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын өткіздік. Дегенмен көптеген мәселелер өз шешімін тапты. Біз осы сапарымызда бірнеше сұрақтарды талқыладық. Осы жиында барлығы 15 сұрақ қарастырылды. Оның ішінде биылғы жылы мүшелікке өткен Қырғыз Республикасы да бар. Қырғыз халқы Алмазбек Атамбаевты бұл тұрғыдан қолдады. Олардың жалпы нарыққа мүше болудан ұтатын тұстары көп. Сондықтан бұл шешімдеріне өкінбейтін болады деп ойлаймын. Жоғарыда айтқанымдай, кеңес барысында 15 cұрақтың жауабын қарастырдық. Соның нәтижесінде мынандай шешім қабылданды: Келесі жылдың 1 ақпанынан бастап, Еуразия экономикалық одақтың комиссиясына Армения Республикасы төраға болады. Комиссияны Арменияның бұрынғы Премьер-министрі Тигран Сарксян басқарады. Ол бір кездері Ресей Федерациясының Президентімен бірге жұмыс істеген. Өте тәжірибелі маман. Сондықтан 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап, комиссияны басқаруды сеніп тапсырып отырмыз, – деді Беларусь Президенті Александр Лукашенко.

Айта кетейік, Кеңес қорытындысы бойынша 15 құжатқа қол қойылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!