Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр болып, тұман түседі және жел күшейеді

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр болып, тұман түседі және жел күшейеді

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі

229 0

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ғана күн райы ашық болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ  болады, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!