Қазақстанда ішімдіктен бас тартуға арналған шаралар басталды

Фотография - Қазақстанда ішімдіктен бас тартуға арналған шаралар басталды

Шараны өткізудегі мақсат - халықтың алкогольді ішімдіктердің ағзаға тигізетін кері әсері туралы толық ақпарат беру

240 0

2015 жылдың 19 мен 28 қазаны аралығында еліміздің барлық аймақтарында ішімдіктен бас тарту Ұлттық күнінің аясында "Алкогольді ішімдіктер жарнамасын тоқтату қажет!" деген ұранмен онкүндік өтеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік министрлігінен хабарланды.

Шараны өткізудегі мақсат - халықтың алкогольді ішімдіктердің ағзаға тигізетін кері әсері туралы хабардарлығын арттыру, балалардың, жасөспірімдер мен жастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Онкүндік барысында медициналық ұйымдарда мамандар кеңесінің ашық есік күндері өтеді: дөңгелек үстелдер; психолог, нарколог, әлеуметтік мамандардың қатысуымен оқу орындарында алкогольді ішімдіктерден бас тарту әдетін қалыптастыру; "Дені сау қала" кең көлемді акциясы, жасөспірімдер мен жастардың қатысуымен халық көп шоғырланған жерлерде флеш-мобтар өткізу; аймақтық СӨС орталықтары базасында жастардың денсаулық орталықтары қызметкерлері және мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін шеберлік сыныптары; "Балалар лигасы ішімдікке қарсы!" ұранымен оқушылар арасындағы байқаулар.

Алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс қолдану өлімнің кобеюіне, денсаулықтың және тұрғындардың еңбекке қабілеттілігінің нашарлауына басты себеп болып отыр. Ол психикалық және мінез-құлықтық ауытқуларға, оның ішінде ішімдікке тәуелділікке, бауыр циррозы, қатерлі ісіктің кейбір түрлеріне, жүрек-қан тамырларының аурулары және тағы басқа ауыр жұқпалы ауруларға әкеп соғады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, әлемде ішімдікті шамадан тыс қолданудың нәтижесінде жыл сайын 3,3 млн. адам көз жұмады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда алкогольді ішімдіктен бас тарту Ұлттық күні 2007 жылдан бері аталып келеді.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!