Н. Назарбаев Қызылордадағы "Көксу" қосалқы шаруашылығында болды

Фотография - Н. Назарбаев Қызылордадағы "Көксу" қосалқы шаруашылығында болды

Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Көксу" қосалқы шаруашылығында болды

522 0

Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Көксу" қосалқы шаруашылығында болды

Мемлекет басшысына 2000 жылдан бері қаланы көгалдандырумен айналысатын шаруашылық жұмысының жай-күйі таныстырылды.

Шаруашылық иелігіндегі 18,7 гектар аумақта жапырақты, қылқан жапырақты, жеміс беретін және сәндік мақсаттағы 150 мың декоративтік ағаш, сондай-ақ бұталар өсіріледі.

Сонымен қатар шаруашылық қызметкерлері ағаштың жергілікті климат жағдайына бейімделген жаңа түрлерін алу үшін селекциялық жұмыстар да жүргізеді. «Көксу» шаруашылығында сондай-ақ тәжірибелік мақсатпен аймақтың табиғатына бейімделмеген қарағай, шырша, арша, емен тәріздес ағаштарды жерсіндіру ісі де қолға алынған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!