Қазақстанда министрлер мен ЖОО ректорлары да халық алдында есеп береді

Фотография - Қазақстанда министрлер мен ЖОО ректорлары да халық алдында есеп береді

бұл ақапараттың барлығы ашық болуы керек және оған қолжетімділік осы ақпаратты алуға мүдделі барлық заңды және жеке тұлғалар үшін қолжетімді

249 0

Бүгін ҚР Парламенті Сенатындағы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кезекті отырысы өтіп, онда комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев "Ақпараттық қол жеткізу туралы" және "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заң жобаларындағы негізгі аспектілерге тоқталып өтті. Жаңа заң жобасы министрлер, мемлекеттік орган басшылары, ұлттық ЖОО ректорларының да жылына кем дегенде бір рет халықпен кездесіп, есеп беруін қарастырады.

"Ақпаратқа қол жеткізу" туралы заң жобасын әзірлеу кезінде біз көптеген елдердің тәжірибесін жан-жақты сараптадық. Халықаралық ұйымдардың, нақтырақ айтқанда, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшыларымен өзара белсенді жұмыстар атқардық. Сондай-ақ, заң жобасын дайындауға қазақстандық азаматтық қоғам институттарының өкілдері және осы саладағы сарапшылар тартылды. Ендеше, заң жобасының негізгі аспектілеріне тоқталып өтсем. Ең алдымен заң жобасында шектеуге жатпайтын мәліметтердің кең тізімін бекіту ұсынылады. Бұл тізімге өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы, санитарлық-эпидемиологиялық радиациялық жағдай туралы, азық-түлік тағамдарының қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар және апаттар, азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығы, табиғат апаттары, ресми болжамдар мен оның салдары туралы ақпаратты енгізу ұсынылып отыр. Сол сияқты, бұл тізімге азаматтың құқығы мен бостандығын бұзу, лаңкестік актілерін жасау фактілері, республикалық және жергілікті бюджет қаражатын жұмсауды қалыптастыру туралы ақпаратты енгізу де ұсынылып отыр», – деді Мәжіліс депутаты.

Комитет төрағасы атап өткендей, бұл ақапараттың барлығы ашық болуы керек және оған қолжетімділік осы ақпаратты алуға мүдделі барлық заңды және жеке тұлғалар үшін қолжетімді болуы керек.

"Заң жобасы бұл ақпараттарды қалай алу керектігінің механизмдерін айқындайды. Біріншіден, жазбаша және ауызша сұраныс жолау арқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету ұсынылады. Сұранысқа жауап беру уақыты – 15 күн. Екіншіден, ақпаратқа иелік етушілердің ғимараттарында ақпараттарды орналастыру. Мысалы, ғимаратқа кіреберістегі ақпараттық стендтерде. Үшіншіден, мемлекеттік органдардың алқа отырыстарында қолжетімділікті қамтамасыз ету жолы арқылы. Төртіншіден, жыл қорытындысы бойынша өткізілетін Мәжіліс, Парламент, Сенаттың ашық отырыстарын, бірлескен отырыстарын, мәслихаттардың отырыстарын, мемлекеттік органдардың алқа отырыстарын Интернет желісінде онлайн көрсету арқылы. Бесіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты жариялау арқылы. Алтыншыдан, ақпаратқа иелік етушінің Интернет ресурсында ақпаратты жариялау арқылы. Жетіншіден, орталық және атқарушы орган басшыларының, әкімдердің, ұлттық ЖОО директорларының есебін тыңдау және талқылау арқылы. Бүгінгі күні елімізде тек барлық деңгейдегі әкімдер ғана есеп береді. Ал жаңа заң жобасы министрлер, мемлекеттік орган басшылары, ұлттық ЖОО ректорлары да жылына кем дегенде бір рет халықпен кездесіп, есеп беруін қарастырады. Сегізіншіден, электронды үкіметтің тиісті құрылымдарында ақпарат орналастыру арқылы. Тоғызыншыдан, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да әдістер арқылы", – дейді М.Әшімбаев.


 BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!